«Жүргізуші ұйықтап кеткен»: Астана–Щучинск тасжолында жол апаты болды
Астана–Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Апат 15 тамызда «Астана» ақылы жол бекетіне жақын жерде болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі көлік тізгінінде келе жатып ұйықтап қалған. Соның салдарынан автомобиль басқарудан айырылып, үшінші және төртінші жолақтардың арасындағы жол инфрақұрылымы нысандарына соғылған.
Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші медициналық көмектен бас тартқан.
Соққыдан жол белгісі, бөлгіш буфер және бетон блок зақымдалған.
Апаттан кейін үшінші және төртінші жолақтардағы қозғалыс уақытша тоқтатылды. Жолдағы кедергілер жойылған соң көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді.
Оқиғаға байланысты мән-жайлар анықталуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады