Тобылдағы қайғылы оқиға: Әкесі қызын құтқарамын деп өзі де қаза тапты

16.08.2026 09:17 Қарақат АСЫЛОВА
Тобылдағы қайғылы оқиға: Әкесі қызын құтқарамын деп өзі де қаза тапты
337
Видеодан кадр

Қостанай облысында әкесі мен кәмелетке толмаған қызы Тобыл өзеніне батып, қаза болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 13 тамызда Нечаевка ауылының маңында болған. Мәлімет бойынша, ер адам бес баласымен бірге өзен жағасына барып, шомылуға болмайтын аумақта суға түскен. Біраз уақыттан кейін екі қыз бала суға бата бастаған.

Қыздардың бірі жағаға өздігінен шығып үлгерген. Ал екінші баланы құтқаруға әкесі асыққан. Алайда ер адам жүзе алмағандықтан, қызымен бірге суға батып кеткен. Өзеннің қатты ағысы олардың денелерін алып кеткен.

Құтқарушылар іздеу жұмыстарын бірден бастап, 13 тамыз кешке қыздың денесін тапты. Әкесінің денесі келесі күні анықталып, судан шығарылды.

Екі күнге созылған іздеу барысында мамандар Тобыл өзенінің 2,5 шаршы шақырым жағалауын тексерген. Сонымен қатар дрон көмегімен 12 гектарға жуық аумақ қаралып, сүңгуірлер өзен түбінің 39 мың шаршы метрін зерттеген.

Іздеуге полиция, жергілікті билік өкілдері, еріктілер және ауыл тұрғындары да қатысты. Ер адамның денесі табылғаннан кейін құтқару жұмыстары тоқтатылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий