«Жұрттың атасының басында нең бар?»: Жанель Мақажанның сөзі желі қолданушыларының наразылығын тудырды

31.12.2025 12:40 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Жұрттың атасының басында нең бар?»: Жанель Мақажанның сөзі желі қолданушыларының наразылығын тудырды
0
57
Коллаж: Politico.kz

Жақында ғана ана атанған актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі бір жауабы үшін сынның астында қалды. Өнер иесінің оқырман пікіріне берген тосын жауабы көпшіліктің көңілінен шықпай, желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Актрисаның парақшасында «Болашақта балаң өзіңе ұқсайды» деген жылы лебізге Жанель Мақажан «Атаңның басы, аумаған әкесі» деп жауап қайтарған. Алайда бұл сөз көпшілікке дөрекі әрі орынсыз көрініп, бірден теріс пікірлер жауа бастады.

Желі қолданушылары актрисаның сөз саптауына наразы болып, мәдениет пен әдепке қатысты ескертулер жасады.


«Жұрттың атасының басында нең бар?», «Халық алдында жүрген адам әр сөзін ойланып айтуы керек», «Бұл — тәрбиесіздік», «Қалайша осылай сөйлейді?», «Қазақ өнерінің өкіліне жараспайды» деген пікірлер қарша жауды.

Кейбір қолданушылар босанғаннан кейінгі эмоционалдық күйді алға тартып, актрисаны түсінуге тырысқанымен, басым бөлігі оның жауабын ақтауға келмейтінін жазды.

Қалай болғанда да, қоғам алдында жүрген өнер адамдарының әрбір сөзі мен әрекеті көпшіліктің назарында болатыны белгілі. Сондықтан желідегі бір ауыз сөздің өзі үлкен талқыға себеп болып, сынға ұшырауы мүмкін екенін бұл жағдай тағы бір мәрте көрсетті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий