"Жыл басынан бері үшінші ота": Танымал астаналық мектеп директоры денсаулығына байланысты ауруханаға түсті
Әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған астаналық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазаның денсаулығы сыр беріп, ота жасатты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол желідегі жеке парақшасында мәлімдеп, басынан өткерген қиын сәтімен бөлісті:
«Отадан осы жаңа шықтым. Қуанышта да, қайғыда да бірге болған алтын оқырмандарым, қолдау сөздеріңіз, жылы лебіздеріңіз, дұға-тілектеріңізге рақмет. Биыл денсаулық жылы болды. Жылдың басынан бері 3-ота болды, Алла қолдасын. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, қалғанының бәрі өткінші», — деп жазды ол.
Сонымен қатар мектеп директоры өзіне ота жасаған дәрігерлерге алғыс білдірді. Желі қолданушылары білім ордасының басшысына қолдау көрсетіп, оған тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.11.2026
10:47
"Жыл басынан бері үшінші ота": Танымал астаналы...
10.11.2026
10:46
Элиталық тұрғын үй кешенінде тұратын Ақкенженов...
10.11.2026
10:35
Газ баллонын қолданатындарға жаңа өзгеріс дайын...
10.11.2026
10:27
Алматыда экоблогер, «Байтақтың» экс-хатшысы ұст...
10.11.2026
10:07
Трамп қолдаған Қазақстандағы жобаға АҚШ ақша бө...
10.11.2026
09:51
Үш қаладағы жылу мәселесі Бектеновтің назарын а...