«Зорлады деп айтамын»: Ақтөбелік әйел ер адамды қорқытып ақша бопсалаған
Ақтөбеде ер адамнан жалған айып тағамын деп қорқытып, ақша бопсалады деген күдікпен 33 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Полицияның мәліметінше, ер адам күдіктімен TikTok әлеуметтік желісі арқылы танысқан. Кейін екеуінің арасында жақын қарым-қатынас орнаған. Біраз уақыт өткен соң әйел ер адамнан ақша талап ете бастаған. Ол талап орындалмаған жағдайда құқық қорғау органдарына өзін зорлады деген жалған арыз жазатынын айтып қорқытқан.
Қысымға түскен ер адам алғашында әйелге 300 мың теңге берген. Алайда күдікті кейін тағы 100 мың теңге талап еткен соң, жәбірленуші полицияға жүгінген.
Жедел іс-шара барысында ақшаны алу кезінде 33 жастағы күдікті қолға түсті.
Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция бопсалау Қазақстан заңнамасына сәйкес ауыр қылмыс санатына жататынын еске салды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...
25.10.2026
12:33
Атырау тергеу изоляторындағы оқиға: Полиция рес...
25.10.2026
12:08
«Әлемдік аренада беделге ие»: Путин Қазақстан т...
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...
25.10.2026
09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республик...