Трамп Иранға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
1550
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздерді жалғастыруға Вашингтонның дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Трамптың айтуынша, Иран билігі келіссөздерді қайта бастауға бастама көтерген. АҚШ бұл ұсынысты қабылдағанымен, бұған дейін жарияланған атысты тоқтату режимі енді күшінде емес екенін ескерткен.
«Иран басшылығы келіссөздерді жалғастыруды сұрады. Біз келістік, бірақ атысты тоқтату режимінің толық аяқталғанын нақты жеткіздік», – деді АҚШ президенті.
Еске салайық, 18 маусымда АҚШ пен Иран Исламабадта өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, түпкілікті келісімге қол жеткізу мақсатында 60 күндік келіссөздер процесін бастаған болатын.
Алайда 8 шілдеден бері екі ел бір-бірін келісімді бұзды деп айыптап, өзара шабуылдар жасағаны туралы мәлімдеп келеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...