Лидия Каденова құлағындағы сырғасын Меруерт Түсіпбаеваға сыйлады
0
607
Жақында "Халық әртісі" атағына ие болған актриса Лидия Каденова құлағындағы бағалы сырғасын өнердегі сіңлісі Меруерт Түсіпбаеваға сыйлады. Өнер иесі сырғасын жұғысты болсын деген ниетпен таққан.
Жұлдыздардың қатысуымен болған ерекше сәтті Меруерт Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда Лидия Каденованың құлағындағы сырғасын шешіп, оны өнердегі сіңлісіне тарту етіп жатқанын көруге болады.
"Біздің жолымызды берсін. Жұғысты болсын. Орден, медаль таға бер. Осы күнге дейін өзің де қаншама марапатқа ие болдың. Мәселе атақта емес. Адам ол үшін жұмыс істемеуі керек. Еңбегіңнің жемісі мол болсын! Мына сырғаны саған тағамын. Соншалықты қымбат емес. Бірақ рөлдеріңе тағып шығарсың. Ырымдап беріп жатырмын", - деді Каденова.
Меруерт Түсіпбаева бұл сыйға қатты қуанып, актрисаға алғысын айтты.
"Су жаңа халық әртісі құлағындағы сырғасын шешіп берді. Алғаш театрда сары ауыз балапан болып келгенде Лидия апайлар көп көмектесіп еді. Екі сөз айтсақ та, апайларға қарап, тексертіп алушы едік. Осындай керемет сыйлығыңыз үшін рақмет! Атағыңыз құтты болсын", - деді Түсіпбаева.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
30.12.2025
23:00
“Қора”: Атышулы блогер халыққа жақпай қалды
30.12.2025
21:43
Димаш Құдайберген: «Үйленетінімді айтқан едім»
30.12.2025
20:30
Жазира Байырбекова тағы да елдің ашуына тиді
30.12.2025
19:22
Роза Рымбаева қуанышты жаңалығын бөлісті
30.12.2025
18:38
Ресейдегі қазақ отбасы соғысқа қатысқандарға бе...
30.12.2025
18:02
Шерхан Қалмырза жаңа клубтан шақырту алды