Әлішер Кәрімов Назарбаев әулетімен қарым-қатынасына қатысты сұраққа жауап берді
431
Қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов Назарбаев әулетімен қарым-қатынасына қатысты сұраққа жауап берді. Эстрада жұлдызы өнер жолында өзіне қандай танымал тұлғалар үлкен қолдау көрсеткенін айтты, деп хабарлайды politico.kz.
Әлішер Кәрімов белгілі журналист Асхат Садырбайға сұқбат беріп, Назарбаев әулетіне қатысты қойылған сұраққа жауап берді. БАҚ өкілі одан "Сахнаға шығуыңа Назарбаев әулетінің ықпалы болды ма?" деген сауал жолдады.
Эстрада жұлдызы өнер жолында өзіне марқұм Раиса Құлыбаева үлкен қолдау көрсеткенін жеткізді.
"Марқұм Раиса Құлыбаева апамыз көптеген концертіме келді. Ол менің шығармашылығымды қатты жақсы көретін. Оны айналасындағылардың бәрі білді. Тіпті бір жаққа барса да, "Әлішерді шақырдыңдар ма?" деп сұрайтын болған. Маған үлкен қолдау көрсетті. Бірақ ақшалай емес. Түрлі концертерге қатыстырып, тойларға шақырып дегендей. Бірақ қалтасынан ақша шығарып берген емес. Мен алмас та едім. Бірде "ақша берейін десем, Әлішер, сенің барлық қалтаң тігілген" деп әзілдеген еді. Себебі сахнаға киетін костюмдерімде қалта болмайтын" - деп жауап берді бұл сұраққа Кәрімов.
Соңғы жаңалықтар
29.03.2026
11:23
Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемалиев өмі...
29.03.2026
10:24
«Екінші әйелімді шәкіртіме сыйладым»: Даулы мәл...
29.03.2026
09:32
Қарағанды облысындағы сұмдық қылмыс: Анасы мен ...
28.03.2026
17:39
Досаев пен Сағынтаевтың тұсында Алматыдағы құры...
28.03.2026
17:01
Жаңа Салық кодексіндегі ең даулы норма қайта қа...
28.03.2026
16:30
Ақтөбеде әріптесін пышықтап өлтірген теміржолшы...