Мәдениет министрлігі ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция жайында мәлімдеме жасады
Хабарлама министрліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды. Онда "E-Petition.kz" ресми порталында "Біз Қазақстанда ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз" петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинағаны айтылған.
"ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды", - делінген хабарламада.
Алдағы уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардан, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестік өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырмақ. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
15.01.2025
13:23
Алғыс пен параның айырмашылығы: Антикор түсіндірді
15.01.2025
13:01
11 адам қолдан жасалған ішімдікті ішіп, ажал құшты
15.01.2025
12:01
"Түрлі маскаң шешіледі". Қарақат Әбілдина жан с...
15.01.2025
11:24
Қазақстанда пара туралы әңгіме үшін де жаза қар...
15.01.2025
11:19
Халық партиясы неліктен мәжіліс депутатын ауыст...
15.01.2025
11:01
Шерзат Болаттың әпкесі елде қалатын болды