Марқұм Шерзат Болаттың әкесі беті неге көгергенін айтты

0
753

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов беті көгеріп, мұрны сынған жағдайға қатысты мән-жайды айтты.

Бұл туралы Instagram-дағы justice_for_sherzat арнасында жарияланған видеоға сілтеме жасаған nur.kz хабарлайды.

Жарияланған видеода Қаржаубай Нұрымов бетінің көгеріп, мұрнының сынуы 4 қазанда болған оқиғадан дейді.

Біріншіден, салыстырылып отырған фотолар әртүрлі жарықта, бұрышта және уақыт аралығында түсірілген. Сынған мұрын – бұл 4 қазанның сол қайғылы түнінің салдары. Каржаубай ұлын қорғауға тырысқан кезде мұрны сынған. Енді анатомия тұрғысынан қарасақ, бетке тиген кез келген соққылар біраз уақыт өткен соң ісіп, көгерулер пайда болады. Бұл әртүрлі факторларға – соққының күші, тері типі, тамыр құрылымы, жас және терінің жалпы күйіне байланысты. Сондықтан расталуы немесе расталмауы тиіс дәлелдерді зерттейтін арнайы сарапшылар бар, – делінген парақшадағы видео сипаттамасында.

Үшіншіден, бұл жекелеген адамдардың алып-қашпа әңгімелері дүрбелең тудырып, жалған ақпарат таратып жатқан жағдай делінеді.

Сенімді әрі тексерілген дереккөздерге сенейік. Қазіргі уақытта команда отбасымен бірге тергеуге қатысуда, өз айғақтарын беріп жатыр. Қажетті уақыт келгенде, біз анықталған жаңа фактілерді міндетті түрде хабарлаймыз. Қолдау мен қамқорлық білдіргендердің барлығына алғыс айтамыз, бұл дәл қазір бізге ең қажет нәрсе, – делінген жазба сипаттамасында.



ПІКІР ЖАЗУ