Медициналық қызмет халыққа қолжетімді болады
447
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге тарифтерді кезең-кезеңімен көтеруге кіріседі. Басымдық – балалар және босандыру. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерге қатысты тарифтерді қайта есептеді. Негізгі мақсат – медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайту және барлық азамат үшін жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
2024 жылғы 1 маусымнан бастап қабылданған шешімдерге сәйкес жүкті және босанған әйелдерге, сондай-ақ стационарлық жағдайда балаларға шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін тарифтер көтерілетін болады.
Абдоминалдық хирургия, инфекция, неврология, гастроэнтерология, кардиология, травматология және ортопедия, нефрология, эндокринология, онкогематология сияқты бірқатар басқа бағыт бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр. Бұл мемлекет медициналық ұйымдарға медициналық қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды кезең-кезеңімен өтейтінін білдіреді.«Тарифтердің көтерілуі азаматтардың медициналық көмек алуға арналған қалта шығысын азайтуға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға соңғы жылдары жиналған инфляциялық шығындарды өтеуге және денсаулық сақтау саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сақтандыру активтерінің есебінен қосымша бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығыстарын оңтайландыру нәтижесінде босатылды және 20 миллиард теңге болды», - делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
24.03.2026
18:00
Қазақстан бензин бағасы арзан елдер қатарына енді
24.03.2026
16:34
Ұлытау облысында Наурыз мейрамына «Қазақмыс» эт...
24.03.2026
16:11
«Үш адам көз жұмды»: Алматыда елді дүрліктірген...
24.03.2026
15:10
«Алматыда жол апатынан үш адам көз жұмды»: қаза...
24.03.2026
14:31
Ақмола облысында шахтада күзетші өлі табылды
24.03.2026
13:33
Тоқаев танымал қазақстандық альпинистке «Еңбек ...