«Менен қарыз алғандар көп»: Гүлзира Айдарбекова марқұм әкесі туралы айтты
446
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өмірден өтіп кеткен ата-анасы туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Продюсер өз сөзінде ата-анасының қандай адам болғаны туралы ойымен бөлісті.
«Бүгін әкешім Дәрібайұлы Үсеннің өмірден озған күні. Алла анашым екеуінің жандарын жәннаттық етсін! Алға қойған мақсатыма жетуіме үлкен сеніммен қарап, еркін өсірген әкешім. Мен сені қатты жақсы көремін. Әкешім көз жұмар алдында, анамды шақырып, «Менен қарыз алғандар көп. Бірақ мен ешкімге қарыз емеспін. Қарызы барларды түгел кештім» деген сөзі әлі құлағымда. Дін аман кезінде жоғары оқу орнында оқып жатқан 4 бауырыма ақша салу үшін малын сатуға шығарды. Сол кезде анам, «Қарыз алған адамдардан сұрайық» дегенде «Болса қайтарушы еді ғой, сұраушы болма» дейтін. Сондай қолы ашық адам болып, дүниеден көшті», - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
09:43
Петропавлда 13 жастағы қызға қиянат жасаған ерл...
06.10.2026
09:42
«Бәрінен айырылдым»: Дана Нұржігіт өмірдегі ең ...
06.10.2026
09:38
Бектенов облыс әкімінің орынбасарын жазалауды т...
06.10.2026
09:12
Қазақстанда екі вице-министр қызметінен босатылды
06.10.2026
08:40
Каспийдегі оқу-жаттығуда аман қалған Никита Уда...
06.10.2026
08:15
Астанада автотұрақта тұрған бірнеше көлік түгі ...