«Мені әнші еткен – халық»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға үн қатты
1569
Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің сахнаға шығу себебін түсіндірді.
Бұған дейін әнші Шаһизада жеке парақшасына Гүлзира Айдарбековамен бірге түскен тренд видеосын жариялаған еді. Алайда желі қолданушылары Қайрат Нұртастың анасында түк дауыс жоқ екенін жарыса жазды. Қит етсе, әр сынды көңіліне алып қала беретін әдетпен ол да оқырманға жауап берді.
Шәкеңнің сахнада жүргеніне 40 жыл толды емес пе?! Мен мүлде әнші емеспін. Мені әнші еткен – халық. «Қызымды ұзатып бер», «Ұлым мен келінімді кіргізіп бер», «Аға екеуіңіз той алдында әннен шашу шашсаңыздар», «Жолдарыңызды берсін» деп өтініш жасайтын жандар көп. Көңілдерін қимай, келісеміз. Қуаныштарына ортақ боламыз, – деді Гүлзира Үсенқызы.Сонымен қатар өзіне әншіліктен гөрі продюсерлік жақын екенін де жасырмады.
Өзіме продюсерлік жұмысым ұнайды. Сол жұмысым бәрінен жоғарырақ. Жалпақ тілмен айтсам, продюсер – зауыт, әнші – өнім. Продюсер мықты болса, әнші жоғалмайды. Жаңа түрлі жобалар жасайды. Спортшылардың да бапкері мықты болса, чемпион болады. Сол секілді дүние, – деп ақталды ол.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...