Мұрат Әбділда тиктоктан жарты сағатта 14 млн тапқан
2441
Түрмеден шыққан TikTok-блогер Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер болды.
18 қыркүйекте блогер TikTok-та өзге блогермен батлға шығып, үш рекорд орнатқан.
Әбділдә, біріншіден, TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд орнатқан. Блогер жарты сағаттың өзінде 151,5 миллион лайк жинаған.
Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд.
Үшінші рекорд — Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 адам бөліскен.
Сонымен қатар, тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 алмас жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңге.
Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде былапыт сөздерімен танымал болған.
Биыл 9 қыркүйекте блогер мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
Соңғы жаңалықтар
24.03.2026
10:29
Өскеменде екі ер адам полицейге шабуыл жасады
24.03.2026
09:26
Жазира Байырбекова келінін өзі ұзатып, оңбай сө...
23.03.2026
17:17
АҚШ Иранды атқылауды 5 күнге тоқтатпақ
23.03.2026
16:52
Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздегендер үйі...
23.03.2026
16:18
Тоқаев Иранның бауырлас елді бомбалауына алаңда...
23.03.2026
16:04
Наурызда несиеге сыйлық ала алмаған қазақстанды...