Нариман Құрбанов әріптесіне үйленді
818
Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, спорттық гимнастшы Нариман Құрбанов шаңырақ көтерді. Оның таңдауы әріптесі Аида Бауыржановаға түскен.
Кеше, яғни 8 қыркүйекте Аида Бауыржанова ұзатылды. Спорттық гимнастика өкілі сол сәттің видеосын Instagram-дағы парақшасына жүктеді.
Одан бөлек, спортшының қалыңдығының үйіне барған сәтін TikTok желісіндегі Жансая Айдосова есімді қолданушы да жүктеген.
Айта кетсек, қазақстандық спортшы Аида Бауыржанова Азия чемпионатында жекелей көпсайыстан 4-орын алып, Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмаған болатын. Бірақ еркін жаттығуда қола медаль иеленді. Ал Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.
Соңғы жаңалықтар
24.03.2026
18:00
Қазақстан бензин бағасы арзан елдер қатарына енді
24.03.2026
16:34
Ұлытау облысында Наурыз мейрамына «Қазақмыс» эт...
24.03.2026
16:11
«Үш адам көз жұмды»: Алматыда елді дүрліктірген...
24.03.2026
15:10
«Алматыда жол апатынан үш адам көз жұмды»: қаза...
24.03.2026
14:31
Ақмола облысында шахтада күзетші өлі табылды
24.03.2026
13:33
Тоқаев танымал қазақстандық альпинистке «Еңбек ...