"Үнемі қадағалап отырамын": Тоқаев қандай отандық басылымдарды оқиды
315
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін құттықтау рәсімінде қандай басылымдарды үнемі қадағалап, оқитынын айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады,-деп хабарлайды politico.kz
Мемлекет басшысы баяндамасында қазіргі құбылмалы заманда халыққа жан-жақты сарапталған, тексерілген, шынайы ақпаратты ұсыну аса маңызды екенін айтты."Азаматтарды адастыратын ақпаратқа жол беруге болмайды. Сөз бостандығы – елдегі әр бастаманы сынау деген сөз емес. Нағыз ұлт мүддесін көздеген ақпарат құралы елдің береке-бірлігін нығайту үшін қызмет етуі керек. Баспасөз – қоғамның бет-бейнесі. Мен күнделікті газет-журналды үнемі қадағалап отырамын. "Egemen Qazaqstan", "Казахстанская правда", "Aiqyn", "Литер", "Turkistan", "Ana tili", "Қазақ әдебиеті" басылымдарын, аймақтарда шығатын газеттерді де үзбей оқимын. Көп мағлұмат аламын, пайдалы ақпарат өте көп. Жалпы, қазіргі таңда газеттерде жарияланып жатқан материалдардың сапасы жоғары, оқуға тартымды деп айтқым келеді. Қоғамның тынысын, зиялы қауымның ой-пікірін біліп отыру өте маңызды деп санаймын", - деді президент.Мемлекет басшысы газет шығару және газет оқу үрдісі ешқашан үзілмеуге тиіс екенін, осы сабақтастықты сақтап қалу керек екенін айтты.
Оның сөзінше, бұл – өркениетті елдердің барлығында қалыптасқан дәстүр.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
10:12
«Кедей қазақтар» деген сөзі үшін: Алматыда ресе...
12.09.2026
09:20
«Арқасында күйік болды»: Атырау облысында ұлы а...
11.09.2026
23:29
Петропавл маңында жойқын өрт шықты: 110 адам ті...
11.09.2026
23:08
Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын...
11.09.2026
22:00
Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы қаза ...
11.09.2026
21:16
Ерлан Қарин қоғамдағы тәртіп пен құндылықтар мә...