Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері «Халықтың табысының өсуі үшін» петициясын қолдады
656
Қазақстандық жұмысшылар өз еңбек құқықтарын дәлелдеуге тура келетініне наразы
«Казрост» ЖШС қызметкерлері «Халық табысының өсуі үшін!» петициясын қолдады.
Сондай-ақ «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ қызметкерлері қазақстандықтарға бейнеөтініш жолдады. «Біз кәсіпорнымызды және бүкіл қазақстандық автоөнеркәсіпті құрдымға ұшыратуға қарсымыз. Біз далада қалғымыз келмейді», — деп атап өтті жұмысшылар. Бұған дейін отандық бизнесті қорғауға бес ірі кәсіпорынның еңбек ұжымдары пікір білдірді, олар «СемАЗ» зауыты, «Имсталькон» АҚ, ВІ Group (MODEX зауыты) қызметкерлері, «Қазақмыс» (KLMZ) компанияларының жұмыс топтары, «QazTehna» ЖШС«Біз көшеде қалғымыз келмейді, біздің мақсатымыз зауытымызбен бірге өсу және оның қалыптасуының бастауында болу. Біз Қазақстан гүлденген ел бола алатындығына сенеміз, бірақ бұл үшін өндірісті дамыту қажет. Сондықтан біз бұл өндірістердің жабылуына қарсымыз. Барлық елдерде халық жұмыс орындарын құру мен дамытуды жақтайды. Неге Қазақстанда жұмысшылар жұмысқа құқығы бар екенін дәлелдеуге тиіс?»,- деді жұмысшылар.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
20:23
Астана маңындағы жол апатында екі аяғынан айыры...
22.09.2026
19:47
Қоқыс үйіндісінен тұрғын үйлер көрінбейді: Шымк...
22.09.2026
19:07
10 жыл ішінде барлық салада қазақша ойлайтын аз...
22.09.2026
18:55
Семейде газгольдер жарылып, өрт тұрғын үйлерге ...
22.09.2026
18:49
Қуаныш Бейсек: Кезінде өзімді бәрінен ақылды, ж...
22.09.2026
18:33
Қазақстан шахматшылары Олимпиадада көш бастап к...