Нұрлан Қоянбаев жазда неге қауын-қарбыз саудасына араласқанын түсіндірді
706
Продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасында әріптесіне жазғы демалыста Түркістан облысында қалай қауын-қарбыз сатқаны туралы айтып берді.
Әріптесі оны жаңа күзгі маусыммен құттықтап, жазғы демалысын қалай өткізгенін сұрады. Нұрлан Қоянбаев болса, жаз бойы Түркістан облысында қауын-қарбыз сатқанын айтты.
Бірде жолда келе жатқанда саудагерлер «Қарбызды бекерге лақтырып жатырмыз, биыл сауда жоқ» деді. Оларды уайымдап, ойладым, «Бізде инстаграм, әлеуметтік желіде оқырмандарым бар, осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек» деп. «Қауын-қарбыз сатып алайық, саудагерлерді қолдайық» деген челлендж осылай пайда болды, - деді Нұрлан Қоянбаев.Сонымен қатар ол күз мезгілінде қауын-қарбыз ғана емес, қызанақ та пісіп жатқанын айтып, көпшілікті жеміс-жидек, көкөністерді сатып алуға шақырды. Нұрлан Қоянбаев неге жеке саудагерлерге көмектесіп, жарнама жасап бергенін де жасырмады.
Жеміс-жидекті жолдың бойындағы саудагерлерден емес, диқандардың өзінен сатып алу керек, жолдағылар алыпсатарлар деген пікір де жиі айтылды. Менің жалпы мақсатым жеміс-жидектің жарнамасын жасау еді. Қазір түрлі чипсы, энергетикалық сусындарды бәрі жарнамалайды ғой. Олардың адам денсаулығына аса пайдасы жоқ. Еш билбордтан «Қарбыз сатып алыңыз» деген жазу немесе қарбыздың суретін көрмеппін. Қауын-қарбызды жарнамалайтын ірі компания да, бұл индустрияға қаржы құятындар да жоқ екен. Менің ниетім – адамның ағзасына пайдалы қауын-қарбыз, қызанақтар энергетикалық сусын мен чипсыдан ұтылып қалмаса екен деген ой, - дейді Нұрлан Қоянбаев.
Соңғы жаңалықтар
14.03.2026
09:19
Қарағанды – Астана тасжолында мыңнан астам көлі...
13.03.2026
23:28
Иран Ормуз бұғазынан тек бір мемлекетке еркін ө...
13.03.2026
22:20
Алматы облысында автосалон қызметкерлері көз ал...
13.03.2026
21:37
Қаскеленде 27 жастағы ер адам 13 жасар баланы қ...
13.03.2026
20:33
Атырауда 9 сынып оқушысы 8 сынып оқушысына үшкі...
13.03.2026
20:07
Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құ...