«Одан қайтып оралмады»: Жанар Айжанова жолдасының өлер алдындағы суретін жариялады
548
Әнші, актриса Жанар Айжанова жолдасының соңғы суретін жариялап, оның өлер алдында жолдастарымен кездескенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Айжанова жолдасын сағынышпен еске алып, «сырты сұлу жүргенмен ішінде бітеу жарасы бар» екенін жазған.
«...мынау қайтыс болардан бір күн бұрын сыныптастармен бірге өткізген соңғы отырысымыз. Маған өзі қолға салып, «Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен» деген Шәмшінің әнін айтқызды. Өзі де әнге қосылып отырды. Құрдастары «сен де әнші болып кетпе» деп қалжыңға айналдырған еді. Көңілді кештен бірге тарағамыз», - деп жазды Жанар Айжанова.
Әншінің айтуынша, жолдасы дәл осы отырыстан кейін ертеңінде сыртқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.
«Қазір келемін» деп кеткен еді, содан қайтып оралмады. Елеңдеумен қала бердім. Қайғысыз адам, күйесіз қазан жоқ» деген осы шығар. Сыртымыздан қараған адамға маңдайыма шаң тимегендей көрінетін шығармын, ішімде бітеу жара жатыр ғой...», - деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
10:20
Шиеліде мектеп оқушысы ер адамға пышақпен шабуы...
27.09.2026
09:18
Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметінен бос...
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...