«Отыра алмайды, жылап келді»: сотта Гүлмира Сатыбалдының денсаулығы сыр берді
1021
Алматыда Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша жарыссөздер өтіп жатыр. Алайда сотталушының денсаулығына байланысты бүгінгі сот отырысын кейінге шегеруге тура келді.
Айта кетсек, бүгінгі жарыссөзге сотталушылар, сондай-ақ олардың адвокаттары онлайн қосылған. Олар сот залында болған жоқ. Процес бастала салысымен Гүлмира Сатыбалдының денсаулығы сыр бергені белгілі болды.
Бізді қосқан кезде қорғалушымыздың аллергиясы асқынғанын білдік. Оған антигистаминдік дәрілер салынды. Қазір бүйрегі қатты ауырып тұр, оған дәрігер табылмай жатыр. Біз сот отырысына дайынбыз, бірақ қорғалушымыздың жағдайына қараймыз. Сондықтан сот отырысын кейінге қалдыруды сұрайды. Біз процесті созып жатқан жоқпыз, ол шынымен ауырып тұр. Ол отыра алмайды, жылап келді, - деді сотталушының адвокаты.Судья Кәкімжанов ешкім сотталушыны өтірік ауырып тұр деп ойламайтынын атап өтті. Сондықтан сот отырысы 27 тамызға ауыстырылды.
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
15:38
Шымкентте бойжеткеннің өлімінен кейін изолятор ...
30.07.2026
15:32
Таиландта әпкесі мен інісі із-түссіз жоғалып кетті
30.07.2026
15:07
Сенаттың бұрынғы депутаты Ақтоғай ауданына әкім...
30.07.2026
14:15
Динара Сәтжанның аяғы ауыр ма?
30.07.2026
13:20
TikTok-та боғауыз сөз айтқан тағы бір «блогер» ...
30.07.2026
12:27
Наркенже Серікбаева екінші рет ұзатылған блогер...