Өзбекстанның бас бапкері Дычкодан 4 рет жеңілген Жалоловтың енді жеңетініне сенімді
824
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Иван Дычко мен Баходир Жалолов кәсіпқой бокста кездессе қалай болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады Sports.kz.
Иван Дычко бабында тұрғанда біздің ауыр салмақтағы, болашағынан үміт күттіретін Жалоловты жеңіп жүрді. Ол кезде Баходир ересектер арасына енді қосылған болатын. Мен Дычкоға құрметпен қараймын. Ешқандай менсінбеушілік жоқ. Бірақ Жалолов қазір Дычкомен кездессе, оңай қарсылас болатыны сөзсіз. Боксты түсінетіндер Баходирдің қазіргі деңгейі қандай екенін жақсы біледі, - дейді Толқын Қылышев.Айта кетсек, кеше Иван Дычко 14 ай үзілістен кейін рингке оралып, америкалық Крейг Льюисті 2-раундта нокаутпен жеңген еді. Бұл – қостанайлық боксшының кәсіпқой бокстағы 14-жекпе-жегі. Оның бәрінде Дычко жеңіске жеткен және 13-і нокаутпен аяқталған. Ал әуесқой бокста Иван өзбекстандық қарсыласымен 4 рет кездесіп, барлығында басымдық танытқан. Фото: Александр Канивец
Соңғы жаңалықтар
31.03.2026
11:23
"Жасыратын несі бар?": Мөлдір Мұқан жеке өмірі ...
31.03.2026
10:51
Қазақмыс «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздікке 3 м...
31.03.2026
10:32
Ақтөбе облысында із түзсіз жоғалған 10 жасар ба...
31.03.2026
10:16
Есірткімен ұсталған белгілі әнші көше тазалап жүр
31.03.2026
09:50
Түркістан облысында із-түссіз жоғалған жасөспі...
31.03.2026
09:42
Павлодар облысында дүние үшін әйелін суға батыр...