Павлодарда кеше ғана жаңа лауазымға тағайындалған шенеуніктің басы дауға қалды
0
302
Павлодар облысының құрылыс басқармасының жаңа басшысы Асқар Әжмұрат даудың ортасында қалды. Бұл туралы Egov.Press Telegram каналы жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Асқар Әжмұрат 17 шілде күні Павлодар облысы құрылыс басқармасының жаңа басшысы лауазымына тағайындалған. Видеоға мән берсек, сол күні кешке жаңа қызметін атап өткен болуы мүмкін.
«Шамасы, «жаңа қаһарман Асқар Әжмұрат командасымен бірге Павлодар облысының құрылыс басқармасының басшысы лауазымын дүркіретіп тойлап жатыр. Дауласпаймыз, майлы орын. Ән айтудың майталманы, бидің түбін түсіретін шебер адам екен», - деп жазады Egov.Press Telegram каналы.Ал желі қолданушылары жаңа қызметке тағайындалған шенеуніктің бұл әрекетін ерсі деп санады.
«Ішіп, тойлап жатыр», «Ол қуанып тұр. Енді Ыстамбұлдан, Дубайдан, тіпті Еуропадан өзіне үй іздей берсе болады», «Ол караокеге әйелімен емес, тоқалымен барған болса, отбасына қандай сюрприз болар еді», - деп жазды желі қолданушылары.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
15.12.2025
22:41
2026 жылғы ҰБТ-ға қатысты маңызды ақпарат шықты
15.12.2025
22:24
«Қатемді қайталамаңдар»: Ләйлә Сұлтанқызы әйелд...
15.12.2025
20:55
Kalifarniya сахнада ұятқа қалды
15.12.2025
20:09
Жаңа жыл алдындағы жанжал: Ерке Есмаханның «алт...
15.12.2025
19:39
Асқар тауыңыз әлі қасыңызда ма? Кеш қалмас үшін...
15.12.2025
19:26
Халық әртісі Ерболат Оспанқұлов «Өзіңнен баста»...