Павлодарлық әйел депозитіндегі 30 млн теңгесінен айрылып қалды
759
Павлодарлық әйел алаяқтарға алданып, 30 миллион теңге несие ресімдеп жіберген, деп хабарлайды Politico.kz.
Тұрғынға «ҰҚК майоры» қоңырау шалып, оның атына шот ашылғаны және бұрын сотталған және іздеуде жүрген ер адамның атына 1 500 000 теңге аударылғаны туралы хабарлаған. Өз шоттарын қорғау үшін жәбірленуші «Ұлттық банк қызметкерінің» айтқандарын істеуге келіседі. Оның нұсқауларына сүйене отырып, қорыққан әйел банкке барып, өзінің депозиттік шотынан 15 млн теңгені алып, ертерек ұсынылған деректемеге 5 млн теңгеден аса соманы аударып жіберген. Осындай бірнеше ұқсас операциялар жасаған. Кейін алданғанын түсінген ол полицияға жүгінді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.Тергеу әйелдің алаяқтардың құрбаны болғанын көрсетті. Қазір жедел уәкілдер соңғы 2 жылда ел аумағында нөмірлері ретрансляцияланбаған абоненттердің орналасқан жерін анықтауға сұрау салып отыр. Қылмыс жасағандарды және олардың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр. Фото: time.kz
Соңғы жаңалықтар
01.04.2026
23:20
Нұрлан Сабуровтың Қытайдағы концерттері өткізіл...
01.04.2026
22:34
Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер ада...
01.04.2026
21:44
Қазақстандық жас талант “Барселонаға” өтті
01.04.2026
20:34
«200–250 мыңмен өмір сүруге болады»: Мәжіліс де...
01.04.2026
19:31
«Қатты ашулымын»: 10 тәулікке қамалған Асқар Жұ...
01.04.2026
18:55
«Мошенники» фильмі үлкен экранға жол тартты