Польша мен Ресей қазақ мұнайын Германияға өткізуге келісті
0
228
Польша мен Ресейдің құбыр операторлары қазақстандық мұнайдың Германияға транзитін жалғастыруға мүмкіндік беріп, оның маусым айында тоқтап қалу қаупін жоятын шешімге келді.
Сәуірде "Транснефть" (Ресей) Қазақстанға Польшада 5 маусымға дейін талап етілетін мұнай шығыны өлшегіштерін сертификаттау мәселесі тығырыққа тірелуіне байланысты Германияға мұнай транзиті тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті. Осы жылдың басында жағдаймен таныс поляк көздерінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, Польшаның мемлекеттік құбыр операторы PERN батыс санкцияларының бұзылуынан қауіптенді.
"Транснефть" пен қазақстандық мұнайды қабылдайтын Германияның PCK Schwedt мұнай өңдеу зауыты неміс компаниясы шығын өлшегіштерін ұстау шығындарын өтейтіні туралы келісті.
Словакиялық компания поляк учаскесінде қызмет көрсетілуін қамтамасыз етіп, бұл PERN бойынша санкциялық әсер ету тәуекелдерін жояды.
Еске сала кетсек, қазақстандық мұнай экспорты дәстүрлі түрде Ресей аумағы арқылы Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесі арқылы Новороссийскіге дейінгі жүзеге асырылды.
Мұнайды Ресей мен Польша арқылы Германияға "Дружба" құбырымен жеткізу 2023 жылдың ақпан айының соңында басталды. Қазақстан мұнайы қуаттылығы күніне 2 млн баррель болатын құбырдың солтүстік тармағы арқылы өтеді.
Reuters агенттігіне берген жазбаша жауапта Қазақстанның Энергетика министрлігі "Қазақстан мен Ресей тараптары Қазақстаннан "Транснефть" және "Дружба" магистральдық жүйелері арқылы PCK Schwedt-ке 1,2 млн тонна мұнай жөнелтуге келіскенін хабарлады.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
19.01.2026
15:14
Желіні шулатқан “Моншада” бейнебаяны сынның аст...
19.01.2026
14:34
СҚО-да ата-анасы үйге қамап кеткен 5 жасар қыз ...
19.01.2026
14:20
"Құрбысы түсірген": Нұркенттегі баланы қатыгезд...
19.01.2026
13:51
Қытай халқы азайып барады
19.01.2026
13:27
«Тоқал тақырыбынан шаршадық»: блогер бойжеткенд...
19.01.2026
13:22
Үкімет мал шаруашылығын дамытудың жаңа жоспарын...