Президент су тасқынына байланысты тапсырма берді
628
Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты елдегі су тасқыны жағдайы мен ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп отыр.
Президент тапсырмасы бойынша, Олжас Бектенов бүгін Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды. Сондай-ақ өңірлік штаб жетекшілерінің қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жіберілді. Міндет - су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті жұмыстарды үйлестіру.
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
17:21
Украина Мәскеуге ірі дрон шабуылын жасады
20.09.2026
16:28
Жаңа оқу жылы басталғалы 69 оқушы есірткі қылмы...
20.09.2026
15:28
Ескендір Хасанғалиевтің ұлына жаңа жауапты қызм...
20.09.2026
14:04
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен...
20.09.2026
13:24
Екібастұзда тұрғын үй ауласында оқушыны көлік қ...
20.09.2026
12:21
Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-ай...