Путин оқтан қорғайтын кеудеше киеді, ал оның несеп-нәжісі арнайы шабаданға салынады
1107
The Moscow Times газеті оны іс-шараларда жақыннан көрген адамдардың сөзіне сүйенген. Айталық 9 мамырдағы шеруде түсірілген видеода Путиннің пальтосының ішінде оқ өткізбейтін кеудеше бар дейді көрген-білгендер.
Газет Путиннің қауіпсіздік қызметі Словакия премьер-министрі Роберт Фицо жараланғандай оқиғалардан қауіптенетінін жазған.
Басылым тілшілері Путинге тағы кімдерден қауіп төнуі мүмкін екенін де жазыпты. Мысалы Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың Путинді тұтқындауға ордер бергені және радикал исламистердің шабуыл жасау ықтималдығы оған қатер төндіріп тұр екен.
Ал екі жыл бұрын батыстық БАҚ зерттеуінде ФСО қызметкерлері Путиннің несеп-нәжісін арнайы пакетке жинап алып, шабаданға салып Ресейге алып кететінін жазған.
Мұның себебі, Путиннің денсаулық жағдайы мен ауруының бар-жоғын жасыру дейді тілшілер.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...