"Қарыз алғандарды кешіріп кетті": Гүлзира Айдарбекова туыстарын еске алды
1033
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасын еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады. Қайрат Нұртастың анасы өзіне әркез сенім білдіріп, қолдау көрсеткен ата-анасына алғысын айтты.
Гүлзира Айдарбекова әкесінің қайтыс болған күні желіде естелігін жариялап, марқұм ата-анасы қандай адам болғанын айтты. Продюсер Instagram-дағы парақшасында отбасылық мұрағаттағы суреттерді бөлісті.
"Әкемнің дүниеден озған күні. Алла анашым екеуінің жандарын жәннаттық етсін! Алға қойған мақсатыма жетуіме үлкен сеніммен қарап, еркін өсірген әкешім. Мен сені қатты жақсы көремін. Әкешім көз жұмар алдында, анамды шақырып, "Менен қарыз алғандар көп. Мен ешкімге қарыз емеспін. Қарызы барларды түгел кештім" деген сөзі әлі құлағымда. Дін аман кезінде жоғары оқу орнында оқып жатқан 4 бауырыма ақша салу үшін малын сатуға шығарды. Сол кезде анам, “"Қарыз алған адамдардан сұрайық" дегенде "Болса қайтарушы еді ғой, сұраушы болма" дейтін. Сондай қолы ашық адам болып, дүниеден көшті", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Соңғы жаңалықтар
24.06.2026
22:26
Астанада лифтпен “төбелескен” ер адамның үстіне...
24.06.2026
21:24
Қазақстанда автокөліктерге жаңа мемлекеттік нөм...
24.06.2026
20:21
Дрон шабуылдарынан кейін Ресей Қазақстаннан 50 ...
24.06.2026
19:14
«Қол-аяғымды байлап қоятын»: 90 жастағы қария ұ...
24.06.2026
18:25
«Дұға оқып, жыладық»: SCAT ұшағы дауыл салдарын...
24.06.2026
18:02
Ербаян Мұхтардың жақындары мен полиция арасында...