Ербаян Мұхтардың жақындары мен полиция арасындағы жанжал неден туындады
Астана қалалық полиция департаменті Ербаян Мұхтардың туыстары мен полицейдің арасындағы жанжал қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қызметтік көлікті жібермей тұрған адамдардың видеосы тарады. Сол кезде Ербаян Мұхтардың туыстары мен бір полицейдің арасында жанжал туындады.
Марқұм әскери қызметші Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Мұхтар Астанадағы мәйітхананың сыртында бейне үндеу жазды. Ол отбасы ұлының денесін сот-медициналық сараптамаға жіберілгендіктен ала алмайтынын мәлімдеді.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері марқұм Ербаян Мұхтардың денесін сот-медициналық сараптама орталығына тасымалдауды ұйымдастыру үшін келген. Сараптаманы өлімнің нақты себебін анықтау үшін өткізеді.
«Қызметтік міндетін орындау үшін келген полицейлер қарсылыққа тап болды, күш қолдану әрекеттері де болған», - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде қызметтік тергеу басталды. Соның аясында жанжалға қатысқан адамдардың, соның ішінде видеодағы полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Соңғы жаңалықтар