«Қазақстан келді!» - өзбек жанкүйерлерінің әлем чемпионатындағы құрметі
0
593
Өзбек жанкүйерлері өз жерінде өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына қолдау білдірді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеодан өзбек жанкүйерлерінің «Қазақстан келді» деп ән салғанын көруге болады. Олар Өзбекстан мен Қазақстан туын желбіретіп, шеру жасаған. Сондай-ақ қазақ-өзбек жанкүйерлері әйгілі Әндіжан полькасына билеп, көңіл көтерген.
Бұдан бөлек, Қазақстан-Ливия ойынында қырғыз, өзбек, түрік жанкүйерлері қазақстандық футзалшыларға қолдау білдірді. Бұл матчта Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Өзбекстандағы футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Ұлттық құрама топтық кезеңнің үшінші турының қорытындысы бойынша D тобында 4 ұпаймен екінші орынға жайғасты.
Осылайша, Қазақстан футзалшылары үшінші турдың нәтижесі қандай болса да 1/8 финалда ойнайды.
Рикардо Кака шәкірттерінің топтық кезеңдегі соңғы ойыны бүгін, яғни 21 қыркүйекте Жаңа Зеландия құрамасына қарсы өтеді. Бұл матч Астана уақыты бойынша 17:30-да басталады.
Фото: instagram.com/kff_team_futsal
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
05.11.2025
20:47
Мұхтар Шахановтың отбасы қара жамылды
05.11.2025
20:14
Депутат Асхат Аймағамбетов Тұрсынбек пен Мөлдір...
05.11.2025
18:48
Қазақстанның ең сұлу боксшысына қатысты сүйінші...
05.11.2025
17:45
Қазақстандықтардың несиесі кешіріле ме
05.11.2025
17:18
Қарақат Әбілдина: Бақыт біреудің көз жасынан тұ...
05.11.2025
16:39
Bek Air ұшақ апаты: марқұм ұшқыштарға сот үкімі...