Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің жеке деректері интернетке тарап кетті

03.10.2026 • 14:17 Қарақат АСЫЛОВА
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің жеке деректері интернетке тарап кетті
254
Ашық дереккөз

Қызылорда облысында 529 білім саласы қызметкерінің жеке мәліметтері ашық қолжетімді болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Заңбұзушылықты Шиелі аудандық прокуратурасы анықтады.

Прокуратура мәліметінше, қадағалау шаралары барысында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің дербес деректерін заңсыз жариялау фактілері белгілі болған.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу порталында медициналық тексеру қызметтерін сатып алуға қатысты құжаттардың ішінде жеті білім беру ұйымы қызметкерлерінің жеке мәліметтері ашық орналастырылған.

Нәтижесінде 529 қызметкердің дербес деректерінің қорғалуына қатысты құқықтары бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін аталған мәліметтерді мемлекеттік сатып алу порталынан жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар қызметкерлердің жеке деректерінің заңсыз жариялануына жол берген білім беру ұйымдарының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий