Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды басшыны қызметінен босатты

03.10.2026 • 15:05 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды басшыны қызметінен босатты
1092
Фото: zakon.kz

Қазақстанның қорғаныс саласында бірқатар кадрлық өзгеріс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қарулы Күштердің жоғары лауазымды үш өкілі қызметінен босатылды.

Атап айтқанда, Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Алмаз Жеңісұлы Жұмакеев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кетті.

Бұдан бөлек, Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Тиісті шешімдер Мемлекет басшысының өкімдерімен қабылданды. Кадрлық өзгерістердің себептері жөнінде ұсынылған ресми хабарламада қосымша ақпарат айтылмаған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий