"Қоғамда бізге орын жоқ сияқты": Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдердің жарасы туралы айтты
527
Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдер туралы сыр шертіп, олардың өмірлік жарасын айтты. Өнер иесіне бүгінде қоғамда оларға орын жоқ сияқты болып көрінеді, деп хабарлайды politico.kz.
Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдердің жарасы жайлы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарды. Актриса мұндай келіншектерді өзі жақсы түсенітінін жеткізді.
Оның сөзінше, жалғыз қалған әйелдер өздерін жаралы әрі керексіз сезінеді. Себебі қоғамда олар туралы елдің ойы көп жағдайда жағымсыз болып жатады.
"Меніңше, біздің қоғамда жалғызбасты әйелдерге маған кейде орын жоқ сияқты болып көрінеді. Себебі жалғызбасты әйел өзінің орнын, өз еншісін кәдімгі тісімен, қолымен жұлып алмаса, орнын таппауы да мүмкін. Байқайсыздар ма, біздің қоғамда қазір "Мен жалғызбасты анамын, әкесіз бала өсіріп отырмын. Менің жағдайым жоқ" дейтіндер өте көп. Мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Яғни әйелдер өзін жаралы, керексіз сезінеді. Әрине ол қатарда мен де бармын. Өз басымнан өткенді айтайын. Ажырасқаннан кейін сені ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдердің қатарына автоматты түрде жатқызады", - деді Иманбаева.Оған қоса өнер иесі бұл жараны жазу үшін жалғызбасты әйелдерге не істеу керектігін де айтты.
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
17:21
Украина Мәскеуге ірі дрон шабуылын жасады
20.09.2026
16:28
Жаңа оқу жылы басталғалы 69 оқушы есірткі қылмы...
20.09.2026
15:28
Ескендір Хасанғалиевтің ұлына жаңа жауапты қызм...
20.09.2026
14:04
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен...
20.09.2026
13:24
Екібастұзда тұрғын үй ауласында оқушыны көлік қ...
20.09.2026
12:21
Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-ай...