Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

30.09.2024
09:19
0
463
Алматыда All Stars Boxing кешінде қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов кездесті. 6 раундқа жоспарланған бұл кездесуде Қуат Хамитов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Бокс кешінің басты оқиғасы – Данияр Елеусінов пен филиппіндік боксшы Джо Нойнай арасындағы жекпе-жек.
Еске сала кетсек, Қуат Хамитов 11 мамырда RCC 19 турнирінде ресейлік файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жекке шыққан еді. Кездесу орта салмақ дәрежесінде (83,9 келі) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен есе жіберген болатын.
Ал Нұрберген Шәріпов ММА-де 15 жекпе-жек өткізіп, 11 жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Бір мәрте тең нәтиже тіркеген.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

17.10.2025
10:18
Қаралы хабар: елге танымал ақын, журналист дүни...

17.10.2025
10:14
"Сүйінші!": Депутат салық туралы жақсы жаңалық ...

17.10.2025
10:09
Жұлдыз Әбдікәрімова кіші ұлының немен ауыратыны...

17.10.2025
09:47
Мылқау такси жүргізушісін мазақ еткен әйел поли...

17.10.2025
09:40
"Түнгі үш болса да, мазалайды": Депутат мұғалім...

17.10.2025
09:39
Астанада тұрақ ақысы минуттап есептеледі