Роза Әлқожа қиын жағдайға тап болды
8442
Танымал әнші Роза Әлқожа Европадағы саяхатының қалай өтіп жатқанын айтты.
Өнер иесі саяхатынан түрлі фото мен видео жариялап, басынан өткен қызық оқиғаларды баяндап берді.
«Алматы-Стамбұл-Венеция-Котор-Миконос-Санторини-Анкона-Венеция-Милан-Венеция-Милан-Үргеніш-Ташкент-Алматы сапары түрлі қызықтарға толы болды. Төрт апа, бір ата, бір бала, бір бойжеткенмен бірге он сағат жол жүріп жеткен Венециядағы алғашқы әсер, судағы қаланы аралау, гандоласына міну ерекше болды! Грецияның қалаларын аралағанда да ел көрген бәрібір көкжиегіңді кеңітетінін сезінесің”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ, шетелде түрлі кедергілерге тап болғанын айтты.
«Өзге елдің тұрмыс-тіршілігі, еркіндігі өз өзіңнен зерттеу мен зерделеуге мүмкіндік береді. Алланың қалауымен бәрі де болды. Миконоста ақшамызды ұрлаттық. Венециядан ұшқалы тұрғанда бір бірімізге сеніп паспортымыздың Миланда қалып қойғанын түсіндік. Алған билетіміз күйіп кетті, жолаушылар кетті, біз қайта Миланға пойызбен бара жаттық. Енді үйге аман-есен жетуге нәсіп етсін», – деп жазды өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар
02.07.2026
13:39
Әділетхан Молдахан ісі: прокурор соттан қандай ...
02.07.2026
13:21
Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велос...
02.07.2026
12:54
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет бар...
02.07.2026
12:26
Танымал әнші елден кететінін мәлімдеді
02.07.2026
12:23
«Асыл арна» шын мәнінде не үшін жабылды? Мұхаме...
02.07.2026
12:22
Атырауда күйеуі мұғалім әйелін 12 жастағы қызын...