«Шаруам жоқ, аулақ жүріңдерші»: Жанар Айжанова Талғардағы оқиға туралы пікір білдірді
847
Блогер Жан Ахмадиев бір топ өнер өкілдеріне сұрақ қойып, Талғардағы оқиғаға қатысты пікірін білді, деп хабарлайды Malim.kz.
Танымал тележүргізуші Жанатбек Байтековтің айтуынша, ол іспен тікелей құқық қорғау органдары айналысқаны дұрыс.
"Онымен тікелей айналысып жатқан құқық қорғау органдары бар. Оны актер да, академик та айтуы мүмкін. Бірақ одан өзгеріп жатқан ештеңе жоқ сияқты", - дейді актер Жанатбек Байтеков.
Ал әнші Мирас Бекжанов қоғамды дүрліктірген оқиғаға қатысты пікір білдіруге міндетті емес екенін айтады.
"Жоқ мен ештеңе салған жоқпын. Ол туралы желіге бірдеңе салу міндет емес деп ойлаймын. Жауапты адамдар зерттеп, шешіп жатыр", - деді ол.
Ал әлеуметтік желіде атышулы Хасанмен бірге түскен суреті тараған Жанар Айжанова ат-тонын ала қашты.
"Мен ондайда айтпаймын. Менің шаруам жоқ саясатта. Аулақ жүріңдерші", - деді дәстүрлі әнші.
Жан Ахмадиев ел алдында жүрген танымал адамдардың ел ішінде болып жатқан оқиғаға араласуы керек екеніне тоқталды.
"Әнші болсын, блогер болсын халықтың арқасына күн көріп отырғаннан кейін есеп беруі керек деп ойлаймын. Әншілермен сөйлескіміз келген. Біразы бас тартып, бұл тақырыпты қозғағысы келмейтіндерін айтты", - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
10:12
«Кедей қазақтар» деген сөзі үшін: Алматыда ресе...
12.09.2026
09:20
«Арқасында күйік болды»: Атырау облысында ұлы а...
11.09.2026
23:29
Петропавл маңында жойқын өрт шықты: 110 адам ті...
11.09.2026
23:08
Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын...
11.09.2026
22:00
Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы қаза ...
11.09.2026
21:16
Ерлан Қарин қоғамдағы тәртіп пен құндылықтар мә...