"Шиеленіс күшейді": Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасалды
375
Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.
Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы.
"Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес. Сонымен қатар елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады", - делінген хабарламада.
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.
Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.
Айта кетейік, күні кеше Украинадағы Полтава әскери институтына баллистикалық зымырандармен екі рет шабуыл жасалып, кемінде 50 адам қаза тапқан болатын. Тағы 271 адам жарақат алды. Сонымен қатар телекоммуникация институтының ғимараттарының бірі жартылай қирап, адамдар үйінділердің астында қалды.
Фото: Reuters
Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
20:21
Қызылорда облысында 6 жастағы бала түнде Toyota...
10.09.2026
20:03
Олжас Бектенов денсаулық сақтау жүйелерін цифрл...
10.09.2026
19:06
Қорғас тасжолында үш адам қаза тапқан апат: Экс...
10.09.2026
18:14
«Батыл әрі жедел әрекет ету қажет»: Тоқаев түрк...
10.09.2026
18:02
Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш т...
10.09.2026
17:36
Құрылыс компаниясы жауаптан құтылды ма? Ұлдана ...