Шымкентте ер адам үш айлық сәбиін теуіп, әйеліне пышақ ала жүгірген
0
518
Белгілі адвокат, желі белсендісі Айгүл Орынбек үш айлық сәбиін теуіп, лақтырып жіберген, артынша әйеліне пышақ ала жүгірген ер адам туралы адам шошырлық оқиға туралы айтты, деп хабарлайды politico.kz.
Адвокаттың айтуынша, зардап шеккен сәби мен ананы аурухана қабылдамай қойған.
«Неге жалғыз менің жүрегім ауру керек? Ел қандай істерде жүретінімді көрсін. Түнгі сағат 4:00-те «Роща ауруханасы ана мен баланы қабылдамай жатыр», деп хабарласты. Құдайдан қорықпайтындар, «Айгүл Орынбек келеді» деген соң ғана көмек бере бастаған. Бірақ өте кеш бала басына қан кетіп реанимацияға түскен. Үш айлық баланы теуіп, лақтырып, әйеліне пышақ жүгірткен оңбаған әлі қамауда емес. Әшейінде басқаларды бірден қамауға алатын прокуратура бұл жолы нені күтіп отырғанын білмеймін?» - дейді адвокат.
Ол өз сөзінде кішкентай қыздың іздеуі жоқ, өзі кінәлі деп әлде 53 жастағы еркекті ақтап алғысы келіп жатыр ма екен деген ойын да айтты.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен Шымкент прокуратурасы қалай күресіп жатқанын көріңіздер! Ауруханаға барса «адам көп, үйлеріңе қайтыңдар» деген дәрігерді жазалау керек. Шымкентте бала құқығын қорғайтын омбудсмен бар ма өзі?» - дейді Айгүл Орынбек.
Арада көп ұзамай осы жазбадан соң Айгүл Орынбек ІІМ басшысы Ержан Сәденовті белгілеп, тағы бір жағдайды айтты.
«Ана мен баланың видеосы интернетке салынған соң, тергеушілер түнгі екі де ауруханаға келіп тұр. Түн ішінде анасын барып мазалаңдар деп тергеушіге бұйрықты кім берді? Күндіз келіңіз, түнде мазалауға құқыңыз жоқ десем, тергеуші дөрекілік танытып отыр.
Түнгі екіде келіп, қорғаушысыз, заңгерсіз ауруханада жатқан ананы мазалауға ешкімнің құқысы жоқ. Күндіз бойы не істедіңдер?» - деп жазды Айгүл Орынбек.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
18.12.2025
20:07
"Оның деңгейіне түскім келмейді": Мөлдір Мұқано...
18.12.2025
19:27
Алматы облысында қызметтік көлікпен жолға шыққа...
18.12.2025
18:30
Жас әнші өлерін алдын ала сезген бе? Желіде тар...
18.12.2025
18:07
«Жерік болсаң, ақшаға жерік бол»: Абай Асылхан ...
18.12.2025
17:43
«Мені апай деп атама»: филолог Баян Алагөзованы...
18.12.2025
16:37
Риддер қаласының бұрынғы әкімі 7 жылға сотталды