Азамат Омаров кінәсін мойындап, тергеумен мәміле жасасты
Журналист әрі «Ахуал сегодня» YouTube-арнасының авторы Азамат Омаровқа қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі («Әлеуметтік араздықты қоздыру») бойынша айыпты деп танылды , деп хабарлайды Politico.kz.
Соттың мәліметінше, процестік келісім жасау туралы бастаманы тергеу сатысында Азамат Омаровтың өзі көтерген. Ол айыбын толықтай мойындап, өкінетінін білдірген.
Сот үкімімен Омаровқа 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жылға дейін жарияланымдар жасауына тыйым салынды. Журналист сот залынан босатылды.
Сот жаза тағайындау кезінде құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпталушының кінәсін мойындап, өкінуін, сондай-ақ оның кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескерді. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...