Солтүстік Қазақстанда 2400 үйді су басқан
0
304
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай әлі күрделі екенін айтты.
Жалпы облыс аумағында 12 235 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 2 919-ы - бала. Тәулік ішінде 2 947 адам, оның ішінде 488 бала эвакуацияланған. Әзірге тек 44 адам үйіне қайтып барған. Евгений Журавлевтің айтуынша, өңірде 3 590 бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілген.«Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 149 % толып, су бөгет шыңынан 2 метр 61 сантиметр асты. Тәулік ішінде 9 сантиметр төмендеді. Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді. Өзен жағасының маңында орналасқан Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында үйлерді су басу деректері тіркелген. Қазіргі сәтте облыста 2401 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан», - деді департамент өкілі.
«Тасқынның негізгі толқыны Қызылжар ауданының Тепличное, Прибрежное кенттеріне келді. Бұл елді мекендерде 565 үйді су басып, 2 287 адам эвакуацияланды. Соңғы тәулік ішінде су Большая малышка, Соколовка, Вишневка, Ольшанка елді мекендеріне кіріп, 317 үйді су басты, 1562 адам эвакуацияланды. Су деңгейі әсіресе Петропавл қаласында көтеріліп тұр. Алайда жуыр маңда біртіндеп түседі деп отырмыз», - деді ол.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
28.12.2025
14:44
Эфирден алдырып тастадым – Ұлықпан Жолдасов
28.12.2025
13:20
Танымал әнші жаңалығымен халықты таңғалдырды
28.12.2025
11:14
“Бізде бәрі шынайы”: Дариға Бадықова болашағы т...
28.12.2025
09:16
Әнші Әлішер Кәрімов өзіне қатысты құпияны ашты
28.12.2025
00:39
Назарбаев пен Путин тағы да кездесті
27.12.2025
17:45
"Полиция қуғаннан жол апатына түскен": жалғыз ұ...