"Сот-медициналық сараптама жасалды": ұшақта жарақат алған Ләйлә Сұлтанқызы жағдайын айтты
0
383
Ұшақ бортында жарақат алып, Fly Arystan әуекомпаниясының үстінен арыз түсірген Ләйлә Сұлтанқызы қазіргі жағдайын айтты. Тележүргізуші сот-медициналық сараптама жасалғанын хабарлады.
Ләйлә Сұлтанқызы өзі үшін алаңдаған оқырмандарымен Instagram-дағы парақшасы арқылы байланысқа шығып, қазіргі жағдайын айтты. БАҚ өкілі сот-медициналық сараптама жасалғанын хабарлап, әуекомпания тарапынан кері байланыс болмағанын жеткізді.
"Жаңа ғана қабылдаудан шықтым. Сот-медициналық сараптама жасалды. Жарақатымды қарады. Денедегі барлық жарақаттарды қарайды екен. Шамамен 20 күннің ішінде қорытынды дайын болады. Оны менен арыз алған тергеушіге береді. Сіздердің жазып жатқан пікірлеріңізді оқыдым. Мыңнан аса адам жазды. Көбі бұл компаниядан кәдімгідей зардап шегіпті. Енді дұрыс коммуникация орнату үшін сұрақтарыңызға жауап берейін. Соттасасыз ба? Қандай жоспарыңыз бар? деген сияқты сұрақтар келіп жатыр. Әзірге маған ешкім хабарласқан жоқ. Нәтижесі шықсын. Қалай болатынын айтып отырамын", - деді тележүргізуші.
Ләйлә Сұлтанқызы жарақатына қарамастан жоспарланған түсірілімдеріне қатысуға мәжбүр екенін айтып, боянып жатқан видеосын жариялады. Онда БАҚ өкілі бет әрлеушіге жарақат алған жері ауырып тұрғанын айтады.
"Көгерсе де, сырылса да, жырылса да жоспарланған түсірілімнен қалуға болмайды", - деген жазба қалдырды ол.
Сонымен қатар тележүргізуші кейін әуекомпания өкілдері байланысқа шыққанын жеткізді. Олар Ләйлә Сұлтанқызына қатысты жағдай бойынша ішкі тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған.
"Сәлеметсіз бе, жағдайды орын алғаны өкінішті. Болған жағдай бойынша ішкі тексеріс жүргізудеміз. Ақпаратты анықтап болған соң, сізге жауаппен оралатын боламыз. Күтуіңізді сұраймын", - делінген хабарламада.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
07.01.2026
23:20
Атырауда жоғалған отбасының туысы үндеу жасады
07.01.2026
23:16
Иманғали Тасмағамбетовқа қатысты ақпарат шықты
07.01.2026
21:49
Алагөзовтің экс-жары Сатаевтың бұрынғы жұбайын ...
07.01.2026
19:42
Есімде өмір жайлы айтқандарың
07.01.2026
18:13
“Бұл қашан тоқтайды?: Әлішер Кәрімов халыққа ашулы
07.01.2026
18:10
Атырауда екі полицей пара алды деген күдікпен қ...