Таразда 24 жастағы жігітті өлтірді деген күдікті ұсталды
Таразда бірнеше адам шабуыл жасап, пышақ жарақатынан көз жұмған 24 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдікті ұсталды. Жамбыл облысының полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын Politico.kz тілшісіне растады.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға 3 қазанда сағат 17:00 шамасында Абай көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Бірнеше адам жігітке пышақ жарақатын салып, қашып кеткен, ал ол оқиға орнында қайтыс болған. Куәгерлер полицияға хабарласқан.
Департаменттің хабарлауынша, полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.
«Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», деп жауап берді полиция.
Бейресми ақпаратта жанжалға қыз себеп болуы мүмкін екені, марқұмның өзге біреудің сүйіктісімен сөйлескені айтылады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
11:44
Шымкентте жанармай тасығыш көлік аударылып, жүр...
19.11.2026
11:36
"Менің байымның соңынан аңдып...": Тұрсынбек Қ...
19.11.2026
11:02
«Соққыдан өлмеген»: Жаңатаста вокзалда төбелест...
19.11.2026
10:55
Кәсіпкер 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін Тұрсынбе...
19.11.2026
10:47
Құрылыс және тағы да құрылыс! Шетелдік БАҚ Тоқа...
19.11.2026
10:12
«Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының техника...