Су тасқыны: 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерінде отыр
470
Бүгінде елімізде су тасқынынан зардап шеккен 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерін паналап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты.
Белгілі болғандай, 8 189 тұрғын үй мен 2 977 аула аумағынан су сорылып, сыртқа шығарылған. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген.
Су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр.
Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілген. Салдарынан Алтай ауданының Зубовск ауданында 24 аула аумағын су басты.«Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Жайық өзені жағасының сумен шайылуының алдын алу үшін мұнай-газ компаниясының күштері мен құралдары жұмылдырылып, ұзындығы 600 метр теңіздің бөгегіш бондары жағаға жақын орнатылды», - деді Асқар Шәріп.
«Бөгеттерді бекіту және су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Бұқтырма өзенінің су деңгейі төмендеп келеді. Өзеннің су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
01.07.2026
23:14
Семейде есепшотқа бола қызды ұрып соққан ер ада...
01.07.2026
22:17
Астанада ауруханадан мүгедектер арбасын ұрлаған...
01.07.2026
21:11
«Чемоданға салып, шөлге тастап кеткен»: Дубайда...
01.07.2026
20:09
Маңғыстауда ер адамдарға әйелдерге арналған опе...
01.07.2026
19:17
Ресей өз мұнайынан өндірілген бензинді Үндістан...
01.07.2026
18:11
Алматыда күйеу бала тойда қайын ағасын пышақтад...