Ресей өз мұнайынан өндірілген бензинді Үндістаннан қайта сатып алып жатыр

01.07.2026 19:17 Қарақат АСЫЛОВА
Ресей өз мұнайынан өндірілген бензинді Үндістаннан қайта сатып алып жатыр
237
Фото: Getty images
Ресейдегі бензин тапшылығы ушығып барады

Ресейде автомобиль бензинінің тапшылығы күшейіп, ел алғаш рет Үндістаннан ірі көлемде дайын жанармай импорттай бастады, деп хабарлайды Politico.kz сайты BBS News-ке сілтемемен.

Мәліметке сәйкес, көлемі 60 мың тонна болатын алғашқы бензин партиясы Ресейге жөнелтілген. Сонымен қатар Ресей порттарына әрқайсысы 30-40 мың тонна дайын жанармай тиеген тағы екі танкердің бағыт алғаны айтылды.

Бұл жағдайдың ерекшелігі – Үндістанның өзі Ресейден рекордтық көлемде шикі мұнай сатып алып отыр. Маусым айында Ресей мұнайының Үндістан импорты құрамындағы үлесі тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, елдің жалпы мұнай импортының жартысынан астамын құраған. Осылайша Ресей Үндістанға шикі мұнай экспорттап, кейін сол мұнайдан өндірілген бензинді қайта сатып алуға мәжбүр болған.

Салалық ақпарат көздерінің мәліметінше, Ресей ішкі нарықтағы жанармай тапшылығын азайту үшін алдағы уақытта түрлі елдерден ай сайын 400 мың тоннаға дейін бензин импорттауды жоспарлап отыр.

Ресейге бензин жеткізуші негізгі елдердің бірі – Беларусь. Reuters агенттігінің есебіне сәйкес, шілденің алғашқы жартысында Беларусь Ресейге 70 мың тоннадан астам автомобиль бензинін экспорттаған. Бұл мамыр айының сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе көп.

Әзірге Ресей, Үндістан және Беларусьтің ресми органдары аталған импорт көлемі жөнінде ресми түсініктеме берген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий