Семейде есепшотқа бола қызды ұрып соққан ер адам сотталды
Семейлік 60 сағат қоғамдық жұмысқа кесілді
Семей қаласында кафеде болған жанжал кезінде қызға дене жарақатын салған 38 жастағы ер адам сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға ер адамның достарымен бірге демалып отырған кезінде болған. Есепшотқа байланысты туындаған дау жанжалға ұласып, оның барысында күдікті қызға күш қолданып, дене жарақатын келтірген.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметінің есебіне алынды. Қазіргі уақытта сотталған азамат қоғамдық жұмыстардың 20 сағатын өтеп үлгерген.
Пробация қызметінің мәліметінше, мұндай жаза сотталған адамды қоғамнан оқшауламай-ақ, жасаған әрекетінің салдарын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пробация қызметкерлері оның жаза талаптарын орындауын бақылап, құқық бұзушылықтың қайталанбауы үшін профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...