Су тасқынынан зардап шеккен кредит иелерін қолдау алгоритмі жасалды
566
Банктер мен шағын қаржы ұйымдары апаттан келген шығының әсерін бағалау үшін әрбір зардап шеккен қарыз алушының жағдайына жеке-жеке сараптама жасайды. Осы мәліметтер негізінде несие бойынша дербес қолдаудың қосымша шаралары анықталады. Бұл жайында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мәлім етті.
Егер жеке тұлға зардап шеккендер тізімінен өзін таппаған жағдайда жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет.
Содан кейін қарызды кейінге қалдыру жөнінде өтінім беру үшін несие ұйымына жүгіну керек.
Агенттіктің атап өтуінше, қарыз алушылармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету мақсатында банктер мен шағын қаржы ұйымдары зардап шеккен қарыз алушылар үшін өтініштерді қашықтан беру сервисін іске асырады.
«Зардап шеккен барлық жеке кәсіпкерге, шағын және орта бизнес субъектісіне олар берген өтініштерді ескере отырып, кредиттер бойынша төлемдерді кейінгі қалдыру мүмкіндігі берілетін болады. Ол үшін банкке немесе шағын қаржы ұйымына жүгіну қажет», — деп атап өтеді ведомстводан.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
18:16
«Ұлым үйдің үлкені еді»: Каспийде қаза тапқан Ө...
25.09.2026
18:13
«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс минис...
25.09.2026
17:49
"Да вы что?": Қорғаныс министрлігі Қосановтың к...
25.09.2026
17:17
Жетісу облысындағы алапат өрт: үш бала тірідей ...
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...