"Тағы бөпелі болармын": Айжұлдыз Адайбекова отбасы туралы сыр шертті
726
Қазақстандық танымал блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова жеке өмірі туралы сыр шертіп, алдағы уақыттағы жоспарын айтты. Өнер иесі отбасын құрып, балалы болғысы келетінін жеткізді.
Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты сұраққа Revue News бағдарламасында жауап берген. Блогер ару тағы да балалы болуды армандайтынын жасырмады.
"Отбасылық үлкен бақыт күтемін. Мүмкін тағы да бөпелі болармын. Қалай бұйырады, солай күтеміз. Негізі өмірімде сіздер білмейтін көп нәрсе болды. Қазір сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Ол кісі өзі дайын болып, рұқсатын берген кезде мен де дайын боламын. Бәрібір сөз бар, тіл бар, көз бар дегендей көп нәрсені жариялаған жоқпыз", - деді актриса.
Оған қоса Жанар Айжанова қызының әр шешіміне қолдау білдіретінін айтты.
"Мен Айжұлдызды қолдаймын. Қандай шешім қабылдаса да, дайынмын. Ол 18 жастағы қыз емес. Оның таңдауына, шаруасына араласпаймын. Сәкен өте сыпайы бала. Айжұлдыздың көзінен өз адамын жолықтырғанын байқаймын", - деді Айжұлдыз Адайбекованың анасы.
Соңғы жаңалықтар
29.03.2026
17:38
Сәуірден бастап коммуналдық қызмет тарифтері кө...
29.03.2026
16:26
«Айыппұл көп келеді»: Түркістанда бейнекамерала...
29.03.2026
15:25
Атырау маңынан дронға ұқсас бөлшектер табылды (...
29.03.2026
14:35
«Рахаттанып күле беріңіздер!»: Жеңілістен кейін...
29.03.2026
13:35
«Ешкіммен дауласқым келмейді»: Жанар Байсеміз д...
29.03.2026
12:28
Алматы тауларында жоғалған 5 оқушы табылды