Талғар изоляторынан қашқан күдіктіге қатысты тың дерек айтылды
1009
Талғардағы уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдікті Бекарыс Қалмырзаев қосымша үш жылға дейін сотталуы мүмкін.
КТК ақпаратынша, қазір осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетейік, қашқын араға төрт күн салып, бейсенбіден жұмаға қараған түні ұсталған болатын. Ол өзі тұратын Тереңқара ауылының маңынан табылды. Бекарыс Қалмырзаев бұның алдында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталған.
Алматы облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматқа алғыс білдіреді.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
11:12
Жеңілдетілген салықпен жұмыс істейтін бизнестің...
02.10.2026
11:11
«Қатты ауырғанымда ол кісі өзге үйде еді»: Жұл...
02.10.2026
10:47
Мәулен Әшімбаевқа аса жауапты қызмет бұйырды: О...
02.10.2026
10:39
Тоқаев тұсындағы жеті жыл: Berlin Today Қазақст...
02.10.2026
10:34
12 жылдан кейінгі алтын: Төрехан Сабырхан – Ази...
02.10.2026
10:03
«Әдейі өлтірді»: Аңшылықта қаза тапқан азаматты...