12 жылдан кейінгі алтын: Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы
543
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З. Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бұл – Қазақстанның бокстан Азия ойындарында соңғы 12 жылда жеңіп алған алғашқы алтын медалі. Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын. 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын медаль иелене алмады.
Осылайша, Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілісті тоқтатып, Қазақстан құрамасына көптен күткен алтын жүлдені сыйлады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
12:14
Атыраудың экс-әкімі Шәкір Кейкінге қатысты қылм...
14.10.2026
11:53
Алматыда 50-ге жуық оқушы ауруханаға түсті: ме...
14.10.2026
11:38
«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова өткен...
14.10.2026
11:26
Астанадағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі ба...
14.10.2026
11:23
Латвия Қайрат Боранбаевтың бұғатталған активтер...
14.10.2026
11:05
«Асқазанын емдеді»: Қызылордада 14 жастағы қызд...