Талғарда төрт ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді
1691
Алматы облысы Талғар ауданында төрт ер адам 16 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.
Полиция кәмелетке толмаған баланы зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.Жантүршігерлік қылмыс туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Тергеу барысында қазан айының ортасында Тұздыбастау ауылында төрт жігіт кәмелетке толмаған қызға қорлық көрсеткен.
Бойжеткен жаттығу залынан шыққанда оны үйіне апаруды ұсынған көрінеді. Қыз ешнәрседен күдіктенбей, көлікке отыруға келіскен. Ол жерде тағы үш жігіт болған. Содан кейін 16 жастағы жәбірленушіні қаңырап тұрған бос жерге апарып, жігіттердің әрқайсысы онымен жыныстық қатынасқа түскен. Оның айғайлап, жылап жатқанына қарамастан, достары бастаған ісін аяқтаған. Қызды полицияға хабарлассаң, туыстарыңды өлтіреміз деп қорқытқан, – деп жазды журналист Козачков.Күдіктілердің бірі жәбірленушінің танысы болған.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
19:31
Каспий теңізінен құтқарылған сарбаздың жағдайы ...
24.09.2026
19:08
Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні ...
24.09.2026
18:41
Дәрігерлер бас сүйегі бірігіп туған егізді сәтт...
24.09.2026
18:33
Алмат Сақатов: 5 мың адам намаз оқып жатқанда д...
24.09.2026
18:29
Ерлан Қарин Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызм...
24.09.2026
17:57
Гәстрөлде қыздармен жүріп әйелімді көп ренжітті...