Тамара Асар алғаш рет жолдасы туралы айтты
1000
Танымал әнші Тамара Асар алғаш рет жолдасына қатысты сұраққа жауап берді.
Өнер иесі “Әйел әлемі” бағдарламасына жолдасымен қалай танысқанын айтты.
“Осы күнге дейін ұлым үшін ғана өмір сүрдім. Барлық жетістігімді соған арнадым. бір күні қатты шаршадым. Концерттен-концерт болып кетті. Қонақ үйге келіп, “Құдай, маған күйеу берші” дедім. Соны тілеп жатып, ұйықтап кеттім. Ондай дұға жасағанымды да ұмытып қалғанмын. Күйеуімді тура бір аптадан кейін жолықтырдым. “Мына әйелге үйленемін” деп мені көрсетіп, айтып бара жатты. Мен естіп тұрдым. Тура сол сөзден кейін жеті күнде тұрмысқа шығып кеттім”, – деді әнші.Өнер иесінің сөзінше, жолдасының да, өзінің де өмірі түбегейлі өзгерген көрінеді.
“Маған бір фирмада дәнекерлеушімін деді. Мен соған сендім. Танымал әнші бола тұра, “сварщикке” тұрмысқа шықтым. Сөйтсем, өндірісті басқаратын бастық екен. Анасы өмірден өткеннен кейін мүлдем шай ішпей кетіпті. Бас қосқаннан кейін, менің шай құйғанымды көріп, қатты таңғалды”, – деді эстрада жұлдызы.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
18:35
Президент Қазақстан-Оман бизнес-форумында сөз с...
06.10.2026
18:04
Әлия Назарбаеваның бұрынғы компаниясы біржола ж...
06.10.2026
17:25
Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сын...
06.10.2026
17:23
Ақмола облысында итті балтамен ұрып өлтірген ер...
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...